Жаңалықтар

Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт табылды
Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды
Фото: baq.kz 20.09.2022 14:50 1348

Петропавлда антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойыншадепартаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметініңжолын кесті.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында антисанитариялық жағдайда суррогат спиртін облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сату үшін қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағындағы қойма үй-жайы жойылды. 

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға