Жаңалықтар

Петропавлда 700-ге жуық саяжай су астында қалды

Петропавлда 700-ге жуық саяжай су астында қалды
18.04.2023 21:48 818

Дүйсенбі күні қалада 30-ға жуық саяжайды су басқан болса, сейсенбіде Петропавлдың шетінде орналасқан жүздеген саяжай аумағына су кірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

"Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және жайылма арқылы судың ағуы салдарынан 672 саяжай аумағына су кірді. Зардап шеккендер және тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Сондай-ақ қалада республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесін су басқан. Республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тас жолының 528-ші шақырымында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Петропавл қаласындағы Заречный ауылының маңындағы тас жолдың үстін су басқан.

Жолдың осы учаскесінде су қоймасын пайдалану ережелеріне сәйкес Петропавл су гидроторабының су бұру арнасы жобаланған.
Полиция қызметкерлері мен жол қозғалысы ұйымдары ескерту белгілерін қойды. Учаскеде көлік жүруіне тыйым салынған, кезекшілік ұйымдастырылған.

18 сәуір күні таңғы сағат 8-дегі мәлімет бойынша су тасқынының ұзындығы 250 метр, тереңдігі 55 сантиметрді құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға