Петропавлда 5 жасар баланың саусағы шомылатын ыдысқа қысылып қалған
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
20.11.2024 01:18
452
Петропавлда бес жасар бүлдіршіннің саусағы шомылатын ыдысқа қысылып қалған. Балақайға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, құтқару қызметіне баланың қысылып қалған саусағын шығара алмаған анасы қоңырау шалып, көмек сұраған.
Құтқарушылар оған ісікті азайтуға кеңес беріп, жедел түрде үйіне жеткен. Олар шанц құралының көмегімен пластмассадан жасалған шағын ыдысты кесіп, баланың саусағын шығарып алды. Балаға дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға