Петропавл өңірінің еңбек ерлері
Кузоваткина Антонида Алексеевна (1916 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Ғ. Мүсірепов ауданы Матвеев селосы) – Социалистік Еңбек Ері (1966). Еңбек жолын 1934 жылы Златоуст қаласында «Уралсибспецстрой» тресінде жұмысшы болып бастаған. Туған селосына оралып, «Жизнь» ұжымшарында шошқа бағушы болып жұмыс істеді.
Курбатов Владимир Федорович 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл ауданының Маевка селосында туды.
Еңбек жолын 1938 жылы Чапаев МТСнда комбайнер болудан бастады. 19391944 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1945 жылдан 1962 жылға дейін Приишим МТС да комбайнер болып істеді. 1962 жылдан Куйбышев атындағы кеңшардың тракторегіс бригадасында жөндеуші болып істеді. 1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Владимир Федорович Курбатовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Курлов Василий Николаевич 1909 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданының НовоПокровка селосында туды. 1924 жылы кулактарға жалданып, жұмыс істей бастады. 19281931 жылдары «Красный кожевник» кәсіпшілік артелінде бастапқыда қатардағы жұмысшы, кейін артель төрағасы болып істеді.
1932 жылдан 1937 жылға дейін аудандық комсомол комитетінің хатшысы болды, 1937 жылдан бастап партия жұмысына ауысты. 19511963 жылдары Булаев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Кейін еңбекшілер депутаттары Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінде қоныс аудару және ұйымдасқан түрде жұмысшы күшін жинау бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Николаевич Курловқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.
Лизунов Иван Михайлович 1923 жылы Воронеж облысындағы Лиманск ауданының Кооперативные Дворики поселкесінде туды. 19411943 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1947 жылдан 1954 жылға дейін Воронеж облысының «Радчен» астық кеңшарында аға агроном болып істеді. 1954 жылдың наурыз айынан Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев (қазіргі М. Жұмабаев) ауданының «Молодогвардейский» кеңшарының директоры қызметін атқарған.
1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Иван Михайлович Лизуновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Михедько Александр Михайлович (1911 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы – 1979 жылы) – Социалистік Еңбек Ері (1957). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1929 жылы ұжымшарда бастаған. Соғыстан кейін МТСта механик болып жұмыс істеген. 1952 жылы «Красный полевод» (Чапаев атындағы) ұжымшарының төрағасы болып сайланады. 1961 жылдан «Константиновский» кеңшарында бригадир қызметін атқарған.
Мусипов Қажым (1912 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Ш.Уәлиханов ауданы – 1982 жылы, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (1957). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын есепші болып бастап, кейіннен ауылдық кеңестің, комсомол комитетінің, аудандық жер бөлімінің бастығы болды. 1945 жылы Кеңес Әскері қатарынан босаған соң туған ауданында басшылық қызметтерде болып, «Ұялы» ұжымшарының төрағасы (1954), 1957 жылдан «Чапаевский» кеңшарының директоры, соңғы жылдары К. Маркс атындағы кеңшардың бас зоотехнигі қызметін атқарған.