Петропавл қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау жүйесі
Өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің құрамына 29 аурухана мен 103 амбулаториялықемханалық ұйымдар, соның ішінде 96 дәрігерлік амбулатория енген. Сонымен қатар 480 медициналық қосын және 46 фельдшерлікакушерлік қосын бар.
Жыл сайын саланың бюджеті молайып келеді: 2010 жылы ол (2009 жылмен салыстырғанда) 3,5 пайызға артып, 17,4 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау саласының шығыны 28 пайыздан 39,4ке жетті, сөйтіп 1 тұрғынды қаржыландыру 3,3 пайызға артты. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі 7,8 пайызға артып, 15,2 млрд. теңгені құрады.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы Петропавл қаласында бір ауысымда 500 кісі қабылдайтын қалалық емхананы және Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында ауысымына 90 кісілік емханасы бар ауданаралық туберкулезге қарсы 100 орындық диспансерді салып, пайдалануға беруге мүмкіндік берді.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек дамып келеді. Петропавл қалалық 3ші аурухана базасында жамбас сүйегін эндопротездеу бірегей отасы жасалуда. 2011 жылдың мамыр айында облыстық ауруханада алғаш рет титандыникельді имплантанттар пайдаланылып, омыртқаға екі ота жасалды.
Петропавлдағы 2ші қалалық аурухана базасында заманауи медициналық қондырғылармен жарақтандырылған Кардиологиялық орталық құрылып, бүгінде табысты қызмет көрсетуде. 150ден астам қолқа қантамырын тұйықтау, 200 стенттеу және 2500 коронаграфиялау жүргізілді.
Түмен кардиохирургтарымен ынтымақтастық қарымқатынас жалғасуда, жүрек ақауымен туған балалар Түмен облыстық ауруханасы мен Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасы базасында хирургиялық көмек алады. 2003 жылдан бері 486 ота жасалды. 2011 жылы облыстық балалар ауруханасы негізінде кардиохирургиялық бөлім ашу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні Петропавл қаласында ЭКО (Экстрокорпоралдық ұрықтандыру) орталығын құру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
***
Облыста 614 жалпы білім беру мектебі, 34 мектептен тыс мекеме, 552 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Орта арнайы білім беру жүйесі 2 ЖОО, 12 колледж және 20 лицейден тұрады. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикадағы жоғары оқу орындарының ішіндегі алдыңғы қатарлысы болып табылады.
11 жалпы білім беру мекемесі республикада инновациялық жобаларды енгізу бойынша эксперименттік алаңға айналды.
Облыста жыл сайын білім беру сапасы артып келеді, СҚО бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа ұпай саны 88,24ті құрады. Жоғары оқу орындары түлектерінің білім деңгейі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сай келеді.
20052010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, 20102014 жылдарға арналған арнайы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. 16 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. 20082011 жылдар аралығында балалардың мектепке дейінгі мекемелері 6 есеге көбейіп, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту екі есе дерлік өсті.
2011 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың зияткерлік мектебінің құрылысы басталды.
Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп кешені 10 этномәдени орталықтармен белсенді қарымқатынаста жұмыс істейді.
Жыл өткен сайын облыстың білім беру мекемелерінде ыстық тамақпен қамтылған балалар саны ұлғайып келеді,
«Мектеп балы», «Мектеп сүті» жобасы сәтті жүзеге асырылуда.
***
Облыста 566 мәдени объектілер: 3 театр, филармония, 226 клуб, 318 кітапхана, 11 мұражай, 7 кино мекемелері жұмыс істейді.
Тәуелсіздік жылдары солтүстікқазақстандық спортшылар үшін үлкен жеңістермен атап өтілді. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі 70 спорт шебері бар. Велоспорттан еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуров ең үздік нәтижелерге қол жеткізді. Ол жазғы Олимпиадаларға үш мәрте қатысты, ал 2000 жылы Сиднейде жеке жарыста күміс медальға ие болды.