Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстары басталды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
16.10.2024 19:30
392
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынына дайындық аясында Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 1423 м3 ірі габаритті тас әкелінді. Жоспарланған 19 іс-шараның 15-і орындалды.
Сондай-ақ, Сергеев су торабының төменгі бьефінің нығайту жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Металл қадалар, арматура және тас әкелінді, темірбетон астына қалып орнатылды. Филиал барлық жұмыстарды қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрлігінде Франция делегациясымен кездесу өтті
Келесі жаңалық
Боксшы Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты