Жаңалықтар

Петропавл тұрғыны әйелін, інісін, өгей қызын өлтіріп, өртеп жіберген

Петропавл тұрғыны әйелін, інісін, өгей қызын өлтіріп, өртеп жіберген
Фото: Коллаж El.kz 23.05.2024 18:35 1987

Петропавл тұрғыны үш адамды өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 25 жастағы ер адам төрт жастағы інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген.

Сотталушының айтуынша, өрт болып жатқанда оянып, терезені сындырып, сыртқа шығып, көршілерден көмек сұрапты. Сот отырысында прокурор оқиғаның мән-жайы баяндады.

Кешкілік ер адам ұйықтап жатқанда, балалар ойнап, оны оятып жіберген. Ашуланған ер адам, оларға ұрыса жөнеледі. Араша болған әйелді ол итеріп тастайды, ал жүгіріп келген кішкентай қызды лақтырып жіберген. Қатты жерге түскен бір жасар бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Полицияға хабарламақ болған әйелді айыпталушы тұншықтырып өлтірген. Баланы да осылай өмірін қиып, ісін жасыру үшін үйді өртеп жіберген, - деді прокурор. 

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келіп, өртті сөндірді және әйел мен екі баланың мәйітін тапты. Сараптамалар 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын көрсеткен. Күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмған. Бір жасар қызға келсек, сарапшылар баланың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, бұл жарақаттар өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өз кінәсін мойындамады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға