Жаңалықтар

Петропавл мен бірнеше ауданда бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендетілді

Петропавл мен бірнеше ауданда бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендетілді
Фото: El.kz 16.05.2024 17:08 467

«Севказэнергосбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына баға 1 кВт/сағатына 27,87 теңгеден 25,88 теңгеге дейін яғни 7,1%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төмендетілген баға 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бағаны төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

Бағаларды төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (өзге тұтынушылар) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Севказэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше бағаны төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шал Ақын, Аққайын, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Жамбыл, Тимирязев аудандарының бизнес өкілдері «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-на жүгінуге болады:

Бизнес үшін:

Петропавл қ., Жұмабаев к., 66 тел.: 8 (7152) 50-06-66.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға