Жаңалықтар

Петропавл мектептерінде «ерлік сабақтары» өтті

Петропавл мектептерінде «ерлік сабақтары» өтті
19.02.2019 09:34 2307

Петропавлда «Қазақстанның Орыс қауымы» Солтүстік Қазақстан филиалының бастамасымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған мектеп оқушыларының, жастардың, педагогикалық ұжымның Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Еліміздің жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеуге бағытталған мұндай кездесулер қаланың барлық мектептерінде «ерлік сабағы» деп аталады.

Солтүстік Қазақстан облысынан Ауғанстандағы қызметке 1423 адам жіберілді, 46 адам қаза тапты, әскери борышын орындағаны үшін барлық сарбаздар КСРО-ның жауынгерлік наградаларымен марапатталды, 6-ы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Кездесуге шақырылған жауынгер-интернационалистер өз сөздерінде 18 жастағы жігіт ретінде әскердегі қызметін атқарған соң, оқуды, жұмысты жалғастыруды, отбасын құруды қалай армандағаны туралы естеліктерімен бөлісті.

Бірақ Ауғанстандағы қызмет олардың өміріне бірталай өзгерістер енгізді: денсаулығына келтірілген зиян, қаза тапқан жолдастар, шығындар туралы өшпес жан ауыруы және тағы басқалары бар.

Экранда әскери хрониканың бейнекадрларын көрсету және өлең оқыған оқушылар, «Грация» хореографиялық студиясының орындауындағы «Афганский вальс» әні кездесуді толықтыра түсті.

«Қазақстанның Орыс қауымы» СҚОФ төрағасының орынбасары Тамара Родная өз сөзінде «Ерлік сабағының мақсаты - әскери борыш пен Отанға адалдық, ар-намыс, батылдық туралы түсінік қалыптастыру, Ауған оқиғаларына қатысушыларға құрмет сезімін ояту», – деп атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға