Петропавл қаласының Достық үйінде «Алтын жас» жобасы басталды
1 шілдеде «Орыс, славян және казак ұйымдары Ассоциациясы» Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамсымен «Алтын жас» жаңа жобасының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Бұл жоба белсенді қызметке қарт адамдарды тартуға арналған. Арнайы олар үшін қызығушылығы бойынша театрландырылған үйірмелер, спорт секциялары, шығармашылық шеберханалар, сазды қонақжайлар және басқа клуб бағдарламалары әзірленді.
Жобаның тұсаукесеріне 100 шақты адам жиналды. Бұл белсенді өмір ұстанымы бар адамдар, олар әрі де өздерін дамытып, жетілдіре беруге дайын.
Құттықтау сөзімен Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ашты. Ол «Жомарт жан» естелік медалімен «Орыс, славян және казак ұйымдары Ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымының мүшесі Виктор Дубровинге марапаттады. Осы медальмен қайырымдылық және меценанттық қызметте айрықшаланған мейрімді және ақжүрек адамдарға беріледі.
Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар «ашық микрофон» форматында көрермендермен әңгімелесті, олардың қажеттіліктерін тыңдады, тілектерін естіді. Осылайша қызығушылығы бойынша клубтардың кестесі құрастырылды, онда әрбір келгісі келген келушілер өзін шығармашылық тұрғыдан таныта алатын болады.