Жаңалықтар

Пэт Маккормак vs Абылайхан Жүсіпов

Рио-2016
05.08.2016 08:48 7761

11 тамыз күні Рио-де-Жанейрода Қазақстан ұлттық құрамасы үшін маңызды кездесу өтеді.  Шаршы алаңда AIBA тұжырымы бойынша жастар арасында ең үздік боксшы Абылайхан Жүсіпов ағылшын былғары қолғап шебері Пэт Маккормакпен күш сынасады.

Пэт Маккормак vs Абылайхан Жүсіпов

Бұл кездесудің «екі жастың текетіресі» деп атауға да болады. Абылайхан 1997 жылы дүниеге келген болса, оның қарсыласы Пэт Маккормак 1995 жылғы.  Жекпе-жек маңыздылығы жағынан үлкен мәнге ие. Оны жанкүйерлердің өзі түсінеді. Себебі осы кездесудің жеңімпазы кубалық тәжірибелі боксшы Ясниер Толедо Лопеспен кездеседі.

Пэт Маккормак 2015 жылы өткен Европа чемпионатының финалисті.

Абылайхан Жүсіпов жастығына қарамастан Азия құрлығында өткізілген жастар арасындағы барлық  жарыстардың жеңімпазы.

Екі боксшы да бойшаң және қашықтықта жұдырықтасқанды ұнатады. Пэт Маккормак қарсыласына қарағанда тәжірибелі, бірақ жерлесіміз ағылшын боксшысынан әлдеқайда жылдамырақ.  

Ағылшындық боксшы шаршы алаңның ортасын қарсыласына бермей, аяғында нық тұрып өнер көрсетеді. Ал Абылайхан болса рингте жылдам қозғалып, бір орында тұрмай қарсыласының осал тұсын іздейді.

Қазақ боксшысының бұл тұста тағы бір басымдылығы оның солақай боксшы екендігінде. Демек ағылшын боксшысына Абылайхан ыңғайыссыз қарсылас. 

Екі спортшы бұрын сонды шаршы алаңда кездеспеген. Бухмекерлік кеңселер қазақ боксшысына қарағанда ағылшындықты фаворит санайды. Алайда «күш атасын танымас» демекші, Абылайхан жасына қарамастан қандай қарсылас кездессе де қаймықпай төбелесетіні  белгілі. Демек, отандасымыздан тек қана жеңіс күтеміз!


Рустем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға