Перуде алтын шахтасында болған өрттен 27 адам қаза тапты
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr
07.05.2023 21:09
860
Перудің оңтүстігіндегі Арекипа қаласындағы алтын өндіретін шахтада өрт болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өрт сенбіден жексенбіге қараған түні «Эсперанса 1» шахтасында қысқаша тұйықталуға байланысты басталды.
Перу – негізінен аграрлық секторға басымдық беретін ел. Сөйте тұра әлемде алтын өндіруші елдер қатарында алтыншы орында тұрса, Латын Америкасы мемлекеттері арасында бірінші орында. Мұнда әлемдегі алтын қорының шамамен төрт пайызы барланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сирия Араб мемлекеттерінің лигасына оралды