Жаңалықтар

Пентагон 76 мың қызметкерін жұмыстан босатады - БАҚ

Пентагон 76 мың қызметкерін жұмыстан босатады - БАҚ
Фото: depositphotos.com 31.03.2025 08:26 324

АҚШ Қорғаныс министрлігі әскери ведомстводағы азаматтық қызметкерлер санын қысқарту туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатқа АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет қол қойды. Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің мемлекеттік құрылымдардағы қызметкерлер санын қысқарту жөніндегі саясатына байланысты қабылданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың қорғаныс министрі лауазымына соғыс ардагері және Fox News телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Пит Хегсет тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға