Жаңалықтар

ПЕЛЕ!

ХХ ғасырдың ең үздік ойыншысы әрі «футбол королі» деген дардай атағы бар.
18.06.2014 08:45 8954

Пеле (толықтай аты-жөні  Эдсон Арантес до Насименто) 1940 жылы Трес-Корасойнс қаласында дүниеге келген. ХХ ғасырдың ең үздік ойыншысы әрі «футбол королі» деген дардай атағы бар. «Сантос» және «Нью-Йорк Космос» клубтары сапында ойнаған. Бразилия ұлттық құрамасында 92 матч өткізіп, 77 гол ұрған. Әлемнің үш дүркін чемпионы.

ПЕЛЕ!

Пеле бір кездері әлемнің ең танымал спортшысы атанған. 1965 жылы «Бұл мен – Пеле» атты автобиографиялық кітабы шықты. Бұл кітапты оқу үшін сауаты жоқтардың өзі біраз әбігерге түсіп, көзін ашқан екен.

Осы уақытқа дейін әлемнің 80 елінде болған. Бұл дегеніміз әлемнің үштен бірі. 70-ке жуық әр елдің президентімен кездескен. 90 елде пеле туралы ән туған.

1970 жылдары «Пеле. Шебер және оның әдістері» атты фильм көрерменге жол тартты. Фильм Пеле туралы болғандықтан өте сәтті шықты. 11 мәрте Халықаралық жүлдеге ие болды.

АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубында (1975-1977) өнер көрсеткен жылдары жергілікті кәсіпкерлер Пеленің танымалдылығын пайдалануға кірісті.  "Пепси-Кола" компаниясы атақты футболшы Пеленің атынан жүлде тағайындап, АҚШ пен Канада бойынша жылдың ең үздік ойыншысына 10 мың АҚШ долларын беріп отырды.

Пеле 1968 жылы фильмге түсті. Ең алғаш рет «Чужие» атты фантастикалық жанрдағы фильмде бағын сынады. Араға 3 жыл салып «Поход» атты фильмде басты қаһарманның рөлін сомдады. Енді осы аңызға айналған спортшының ойыннан тыс айқандарын назарларыңызға ұсынайық.

Барлығы тәжірибемен келеді!

Барлығы жұдырықтай жұмылмайынша футболда жеңіске жету мүмкін емес!

Егер Марадона өзін «ғасыр футболшысы» санаса, өзінің жеке мәселесі!

Пенальти – бұл гол соғудың ең оңай жолы, қорқақтың тірлігі!

Бразилия хоккейден әлем чемпионы болған күнде ғана Ресей футболдан әлем чемпионы бола алады!

Әлемнің әр түкпіріндегі балалардың барлығы Пеле болғысы келеді, сондықтан мен тек футболшы ретінде ғана емес, адам ретінде де үлгі болуым керек!

20 жыл бойына маған бір сұрақ қойылып келеді. «Ұлы футболшы кім, Пеле ме, Марадона ма?!» деген. Осы сұрақты қоймас бұрын кімнің оң аяқпен жақсы ойнайтынын, кімнің баспен жақсы ойнайтынын қарап алыңыздар!

Жетістік деген – кездейсоқ бақыт емес. Ол – еңбектің, өз ісіңе деген адалдықтың, махаббаттың, өмір бойы үйренудің жемісі!

Доп сізде болса, таблодағы есеп те сізге бағынады!

Футбол деген – ол команда, 2-3 жұлдызды футболшының шоғыры емес!

Бүгінгі футболшылар көп табыс табады және көп шағымданады!

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға