Жаңалықтар

Педофил қолынан мерт болған 5 жасар қыздың өліміне қатысты тағы бір адам тергеліп жатыр

Педофил қолынан мерт болған 5 жасар қыздың өліміне қатысты тағы бір адам тергеліп жатыр
Фото: Otyrar.kz 16.01.2024 14:02 1758

Түркістан облысында педофил қолынан қайтыс болған 5 жасар Еркежан Нұрмаханның өліміне қатысты тағы бір адам сот алдында жауап беріп жатыр, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, пробация қызметкеріне жұмысына салғырт қарады деген айып тағылған.Яғни, ол ауыр қылмыстың алдында шартты түрде жазаға кесілген Гайбназар Сайдалиевке тиісті түрде бақылау жүргізбеген.

Оқи отырыңыздар:

Еске салайық, 2023 жылы 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, денесі сау тамтығы қалмаған күйде көрші үйдің шатырынан табылған еді. Оны кісі өлітіріп, он жыл абақтыда отырып шыққан көршісі күдікке ілінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға