Жаңалықтар

«Педагогті қорғау» чатына 33 мың адамнан өтініш түскен

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
«Педагогті қорғау» чатына 33 мың адамнан өтініш түскен
Фото: ktk.kz 16.01.2023 17:02 1257

 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасады. Ол министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді сапасыз орындап отырғанының көрсеткіші.
 
«2022 жылғы қарашада министрлік «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскен. Сұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлуге, аттестация, мұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуға, олардан шамадан тыс есеп беруді талап етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. қатысты. Осыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деп айтты Ернұр Дәуенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға