Жаңалықтар

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 18.11.2024 13:05 120

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  жыл сайын өткізетін «Педагогикалық идеялар панорамасы -2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Өрлеу» Астана қаласы бойынша  Кәсіби даму институты филиалы жыл сайынғы мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысын жариялады.

Байқау аймақтық және республикалық екі кезең бойынша өткізіледі. Айта кету керек, бірінші кезеңге қатысу үшін мұғалімдер өз идеяларын видеоролик түрінде рәсімдеді: сабақ, практикалық, зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік дәріс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейнеподкаст. Ұсынылатын жобаны педагог жеке дара  немесе топтық жұмыс ретінде дайындау мүмкіндігі берілді.

Қатысушылардың бейнематериалдарын сараптамалық кеңес 7 критерий бойынша бағалады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, жаңашылдық, сөйлеу мәдениеті және шешендік шеберлік, аудио/бейнематериалдарды беру сапасы.

Байқау қорытындысы бойынша  68 педагог жеңімпаз болып танылды.Өңірлік кезеңнен 1-ші орын алған 14 педагог байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға