Пайдалы әдеттер тізімі
02.09.2014 09:03
11257
Wellness-мақсаттар. Әрбір адам үшін пайдалы әдеттер тізімі.
Егер де бақыттырақ болғыңыз келсе:
- Позитивті адамдармен сөйлесіңіз.
- Бір күн ішінде бастан өткен ең қызықты 3 оқиғаны жазып отырыңыз.
- Көбірек күліңіз, қуаныш гармондары жұмыс істеуіңізді жақсартады.
- Күншуақта көбірек уақыт өткізу керек.
- Күніне кем дегенде 20 минут қозғалу керек.
- Итпен серуендеңіз.
- Күніне бір адамды болса да құшақтаңыз.
- Ескі немесе жақын досыңызға қоңыр шалыңыз.
- Сізге рахат әкелететін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
- Кішкентай болса да жаңа зат сатып алыңыз.
Стресспен жақсырақ күрескіңіз келсе:
- Екі минут көлемінде терең демалыңыз.
- 10 минуттық жаттығу жасаңыз.
- Демалдыратын әуен, не ән тыңдаңыз
- Жақындарыңызбен бөлісіңіз
- Стресс тудырушыдан уақытша құтылыңыз. Кездесуден 5 минутқа шығып кетіңіз немесе қиыншылық тудырған жұмысты доғараңыз.
- Герань немесе лаванданың эфир майларын иіскеңіз. Олар қан қысымын төмендетеді.
- Күншуақта 5 минут отыра тұрыңыз.
- Сурет салыңыз.
- Досыңызбен 10 минут сөйлесіңіз.
- Өзіңізге назар аударыңыз.
- Көз қағып алыңыз.
- Сағыз шайнаңыз.
Өзіңізді сенімді сезіңгіңіз келсе:
- Өзіңіңдегі ұнайтын үш қасиетті жазып, дауыстап оқыңыз.
- Қолдарды төмен салбыратып, тіке тұрыңыз.
- Сізге ең жақсы келетін киімді киіңіз.
- Сенімділік керек болуы мүмкін ең қиын жағдайға дайындалыңыз.
- Бойдағы қорқыныш сезіміне бой алдырмау керек. Оның орнына жеке жерге шығып, керіліп не кішігірім жаттығу істеп алыңыз.
- Қорғансыздық сезімді жеңу үшін, басқа адамдарға назар аударыңыз.
- Жоспарланған әрекеттерді басыңызда қайталаңыз.
Рухани дамығыңыз келсе:
- Күнделікті түрде рухани кітаптарды оқуға 15 минут уақыт бөліңіз (Мысалы, Құран)
- Орманда, бақта серуеңдеңіз.
- Басқа адамға жасаған жақсылықты есіңізге түсіріп, ойлаңыз.
- Бір материалды нәрседен немесе физикалық қалаудан бас тартыңыз.
- Өзіңіз секілді ойлайтындар қатарына қосылыңыз.
- Жұлдыздарға қараңыз.
- Күннің шығысы немесе батысын жиі тамашалаңыз.
- Бүгін кездескен адам сізді қалай әсер еткенін жазып отырыңыз.
Зейінді күшейткіңіз келсе:
- Медитациямен айналысыңыз. Күнде 15 минут тауып, тыныш жерде, көз жұмып ойланыңыз.
- Қасыңыздағы заттарға баса назар аударыңыз.
- Дәл қазіргі сезімдеріңіз туралы ойлау керек. Мысалы, соғып тұрған желді, теріге тиген заттарды сезу.
- Сезімталдылықты дамытыңыз. Қасыңыздағы адам не себепті уайымдап отыр, неге ол осы мәселемен шұғылданады?
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әр түрлі халықтардағы мектептің шығу тарихы
Келесі жаңалық
Диплом, курстық жұмыс жазудың тәртібі