Жаңалықтар

«Пайда мен зиян». Күн сайын жеміс-жидек жеуге бола ма?

«Пайда мен зиян». Күн сайын жеміс-жидек жеуге бола ма?
Фото: gov.kz 09.11.2023 17:38 2867

Деннің саулығы - біздің өміріміздің маңызды компоненттерінің бірі. Дұрыс тамақтану денсаулық сақтауда үлкен рөл атқарады. «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Сол себепті тән саулығы үшін ағзаға пайдалы жеміс-жидектерді жиі тұтыну қажет. Ал, оларды күнделікті тұтыну ағзаға кері әсерін тигізе ме? Оның адам денесіне қандай әсері бар? El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі бұл сұраққа жауап іздеп көрді.

Денсаулық және тамақтану: Күнделікті жемістерді тұтынудың пайдасы мен қауіптері

Жемістердің құрамында дәрумендер, минералдар және антиоксиданттар секілді көптеген пайдалы заттар бар. Олар төмен калориялы энергия көзі болып табылады. Бұл салауатты өмір салтын ұстанатын немесе артық салмақтан арылуды көздеп жүрген жандар үшін тамаша таңдау.

Күнделікті жеміс жеудің ағзаға пайдасы:

Иммундық жүйе күшеюі. Жемістер, цитрус жемістері иммундық жүйені күшейту үшін маңызды қоректік заттардың бірі болып саналатын С дәруменіне бай. Оларды үнемі тұтыну әртүрлі инфекциялар мен аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Жүрек жұмысының жақсаруы. Жидектер, алма, алмұрт және жүзімде қандағы зиянды холестерин деңгейін төмендетуге және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектесетін антиоксиданттар кездеседі. Сонымен қатар, жемістерде қандағы қант деңгейін бақылауға және қант диабетінің алдын алуға арналған диеталық талшықтар бар.

Ас қорытудың жақсаруы. Жемістерде еритін және ерімейтін диеталық талшықтар бар. Бұл талшықтар ішектің жұмысын реттеуге, іш қатуының алдын алуға және ішекте сау микрофлораны сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, жеміс жидектер ішекке түске басқа тағамдардың тез қортылуына және солардан бөлінетін қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.

Терінің жақсаруы. А және С дәрумендеріне, сондай-ақ антиоксиданттарға бай кейбір жемістер теріні жақсартуға көмектеседі. Бұл қоректік заттар ағзада коллаген түзілуіне көмектесіп, теріні нығайтады. Оған қоса, теріні қатайтып, оның сау әрі жас көрінуіне қамтамасыз етеді.

Қатерлі ісік ауруының алдын алу. Жүзім және ананас сияқты кейбір жемістерде адам үшін өте пайдалы антиоксиданттар бар. Олар организмдегі бос радикал жасушалармен күреседі. Егер, аталған жасушалар деңгейі көбейсе, рак клеткалары дамиды. Сондықтан, жемістерді күнделікті тұтыну қатерлі ісіктің дамуын болдырмауға көмектеседі.

 

Күнделікті жемістерді тұтынудың зияны:

Қант деңгейінің көтерілуі. Жемістердің құрамында қант бар. Сондықтан оларды көп мөлшерде тұтыну қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе қант диабетімен ауыратын немесе оған бейім адамдар үшін өте қауіпті.

Тамақтану балансының бұзылуы. Егер, сіздің тамақтану салтыңыздың көп бөлігін жемістер құраса бұл организмдегі баланстың бұзылуына әкеліп соғады. Себебі, ыстық тағамдардың құрамындағы ақуыздар мен майлар сияқты қоректік заттарды аз тұтыну – ағзаға басқа да керекті заттардың жетіспеушілігіне ұшыратады. Бұл өз кезегінде денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Аллегрияның пайда болуы.  Кейбір адамдар үшін белгілі бір жеміс түрін күнделікті тұтыну денеде қышу, қызару немесе ісіну сияқты жағымсыз белгілерді тудыруы мүмкін.

Салмақ қосу қаупі. Жемістерде көптеген пайдалы қоректік заттар болғанымен, олар калорияға бай болуы мүмкін. Жемістердің бақылаусыз, көп мөлшердн күнделікті тұтыну артық салмақтың өсуіне әкелуі мүмкін.

Асқазан қышқылының жоғарылауы. Цитрус жемістері сияқты кейбір жемістер асқазан сөлінің қышқылдығын арттыруы мүмкін. Бұл ас қорытудағы проблемаларды тудыруы мүмкін.

Жемістерді күнделікті тұтынудың иммундық жүйені нығайту, жүрек денсаулығын сақтау, ас қорытуды, терінің күйін жақсарту және қатерлі ісіктің дамуын болдырмау секілді пайдасы зор. Дегенмен, денсаулықты сақтау үшін тамақтанудың әртүрлілігі мен басқа да пайдалы тағамдарды тұтынудың маңыздылығын есте ұстаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға