Жаңалықтар

Павлодарлық тұрғын көлігімен бірге өртеніп кетті

Павлодарлық тұрғын көлігімен бірге өртеніп кетті
Фото: © El.kz 03.02.2024 03:12 1053

Павлодарда жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті. Оқиға Л.Толстой көшесіндегі көпқабатты үй ауласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Лада Гранта» жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің күйіп кеткен денесін тапқан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне 2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған.

Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда. Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға