Жаңалықтар

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды
Фото: Видеодан кадр 18.12.2023 22:30 779

Бүгін 101 пультіне Павлодар қ.Ермак к. үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу келді. 
Ауданы 10 ш.м.болатын үй заттары мен жиһаздар отқа оранған. 

Пәтерде 2015 жылы туған бала болды. Өрт сөндірушілер автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Тексерістен кейін баланы ауруханаға жатқызу қажет емес екендігі анықталды. 

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат 15:58-де жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға