Жаңалықтар

Павлодарлық компанияға бес миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Павлодарлық компанияға бес миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі 27.05.2023 16:56 562

Павлодар облысында компанияға 4,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойыгша, Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «УПНК-ПВ» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Соның негізінде Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына қарауына жіберді.

Аталған соттың қаулысымен ЖШС құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 900 800 тенге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін айыппұл толық көлемде өтелді, - деп жазылған агенттік таратқан ақпаратта. 

БҚДА департаменті субъектілерге ақпаратты бермеу не белгіленген мерзімдерде монополияға қарсы органға толық көлемде ақпарат бермеу, дәйексіз және жалған ақпарат беру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатындығын қаперге салып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға