Жаңалықтар

Павлодарлық екі науқасқа 220 миллион теңгеге дәрі сатып алынды

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мәлім етті
Павлодарлық екі науқасқа 220 миллион теңгеге дәрі сатып алынды
Фото: sn.kz 08.02.2023 15:07 1011
 
«Нейрофиброматоз» диагнозы қойылған науқастарға 220 миллион теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және орфандық сырқаты бар азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық көмек көрсету аясында Қарағанды және Павлодар облыстарында «нейрофиброматоз» диагнозы қойылған 2 азаматқа «Селуметиниб» (Коселуго) дәрісін сатып алды. Емделушілерге жалпы сомасы 220 млн 644 мың теңгеге 36 қаптама дәрі-дәрмек алынды.
 
«Медсервис плюс» ЖШС-мен жасалған шарт шеңберінде осы жылдың қаңтар айының ортасында препарат өңірлерге жеткізілді және науқастар терапия курсын жүргізуді бастады.

«Селуметиниб» дәрісі - ісікке қарсы дәрілік зат, 1 типті нейрофиброматозы бар 3 жастан асқан балалардағы симптоматикалық, ота жасауға келмейтін плексиформды нейрофибромаларды емдеу үшін монотерапия ретінде қолданылады.

Нейрофиброматоз – теріде, жұмсақ тіндерде, жүйке жүйесінде және ішкі органдарда қатерсіз ісіктердің пайда болуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға