Павлодарлық 6 жасар чемпион қызды Президент құттықтады
Павлодарлық 6 жасар әлем чемпионына Мемлекет басшысының атынан берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының әкімі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар Хадия Қонаевамен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен сыйлық Претабыстап, жеңісімен құттықтадым. Жерлесіміз Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстанның өскелең ұрпағының рухы мен талантын әлемге танытты. Жастайынан жоғары жетістіктерге жету – бұл табанды еңбектің нәтижесі, – деп жазды Асайын Байханов.
Жас спортшыны оның әкесі әрі жаттықтырушысы, «Sam Team» клубының негізін қалаушы Самат Қонаев дайындайды.
Бір қызығы, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған, бірақ табанды жаттығулардың арқасында ол денсаулығын қалпына келтірді. Әкенің үлгісі балаларын да шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері атанған. Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын бұл отбасы – спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың жарқын үлгісі. Хадияның алтын медалі – бұл тек отбасының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы, – деп атап өтті өңір басшысы.
Облыс әкімі жас чемпионға және оның жақындарына мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.