Жаңалықтар

Павлодарлықтар қарбыз бен қауын мерекесін атап өтті

Павлодарлықтар қарбыз бен қауын мерекесін атап өтті
14.08.2018 10:31 2299

Өткен демалыс күні қаламыздың орталық саябағында павлодарлықтар мен қала қонақтарына арнап «Ситораи сомон» облыстық тәжік этномәдени орталығы қауын мен қарбыз мерекесін ұйымдастырды. Жылсайынғы «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестивалі төңірегінде өткен мереке Елордамыз Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналды.

Қазіргі таңда облыста жарты мыңнан астам тәжік ұлтының өкілдері мекен етуде. 2013 жылы павлодарлық тәжік ұлтының зиялы қауым өкілдері өздерінің этномідени бірлестігін құрға ниет білдірген болатын. Көп ұзамай «Ситраи Сомон» атты облыстық тәжік этномәдени бірлестігі дүниеге келді. Бүгінде Гулов Хусайн Шомахмадұлы басшылығымен жұмыс жасап келе жатқан бұл ұйым түрлі шаралар барысында өздерінің мәдениетімен өңір халқын таныстырып, бейбітшілік пен келісімді дамытуда.

Ежелден келе жатқан тәжік халқының мәдениеті ерекше бай болып келеді. Қауын мерекесі тойланатын күні таң ата салысымен «карнай» деп аталатын ұлттық аспап үні халықты елді мекеннің орталық алаңына жинайтын болған. Бұл күні дихандар өздерінің жетістіктерін көрсете отырып, бұл жемістің ең ірі, әрі ең дәмді үлгңлерін алаңға әкелген. Әрбір адам өзіне ұнаған қауынның бір тілімін алып дәмін татқан. 

Шара жүргізушілері бақша өсімдігінің көптеген пайдалы қасиеттеріне тоқтала отырып, піскен жемісті қалайша дұрыс таңдау керек екендігіне де тоқталды. Олардың айтуынша қауын адамды жасартады, оның терісін қалпына келтіреді және, ең бастысы, адамның көңіл-күйін көтереді!   

Қонақжайлылық Шығыс елдері халықтарының ең басты қасиеттерінің болып табылады. Сол себепті, ежелден келе жатқан салтқа сай мереке ұйымдастырушылары келген қонақтарға кең дастархан жайды. Мерекеге орай тәжік аспазшылары орталық саябақта үлкен қазанда нағыз тәжік палауын дайындады. Палау мен хош иісті кауын мен қарбыз барлық көрермендерге таратылды. 

Тәжік халқының ежелден сақталған салтына сай, қауыннан дәм татқан адамдар оны өсірген, баптаған және жинаған дихандарға алғыстарын білдіреді. Ал Павлодардағы мереке ерекше болды. Өйткені шексіз алғыстар қауынды өсірген дихандармен қатар, бұл керемет жемістен дәм татқандарға да білдірілді!

Бұл күні «бақша ханшайымы» қауынға арнап Якуб Джабинов және орталықтың көптеген өнерпаздары әннен шашу шашып, тәжік халқының билерін орындады. Этномәдени бірлестік төрағасы Хусайн Гулов «Қазақстан – 100-ден астам ұлт бейбітшілікте өмір сүріп жатқан көпұлтты құтты мекен» деп атап өтті. Еліміздегі достық, бейбітшілік пен келісім ғасырлар бойы жалғасуын тіледі. Сонымен қатар, іс-шара соңында орталықтың барлық белсенді қатысушыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға