Жаңалықтар

Павлодарда биыл тағы шырша орнатуға 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

Павлодарда биыл тағы шырша орнатуға 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді
Фото: El.kz/Мади Ысқақов 25.11.2024 13:05 173

ОКҚ-да Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Соның ішінде жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысынан тілшілер былтыр Павлодар облысына шырша сатып алуға 52 миллион теңге бөлінгенін, биыл жаңа жылдық безендірулерге кететін шығын қанша болатынын сұрады. Облыс әкімі жалпы қалаларға бөлінетін қаражат жыл сайын 50 мен 60 миллион теңгеннің шамасында екенін айтты.

Мысалы Екібастұз қаласына 38 миллион берілсе, Павлодарға 52 миллион бөлінеді. Соның ішінде мұз қалашығына және көшелерді жарықтандыруға, безендіруге жыл сайын осындай қаражаттар кетеді. Негізі біздің облысымыз солтүстікте орналасқасын, жаз уақыты өте қысқа болады. Сол себепті халықтың көңілін көтеруге және жақсы, жайлы жерлерді ұйымдастыруға да мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан біз безендіруге, қаланы абаттандыруға да қаражат бөліп жүрміз, – деді Павлодар облсының әкімі Асайын Байханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға