Павлодарға жаңа автобустар жеткізілді
Фото: @pavlodarbus
Фото: @pavlodarbus
29.01.2023 10:55
1382
Павлодарда №1 автобус паркі кезекті 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде жазды.
«Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет, – дейді облыс әкімі.
Жаңа автобустарды 5 ақпанға қарай желіге шығару жоспарлануда. Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайтын болады.
Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 27 адамнан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты