Павлодардың өрт сөндірушілері бес қабатты өртте 6 тұрғынды эвакуациялады

27 қараша күні сағат 10.16-да Ленинский кентінің Ғарышкерлер көшесінде 2 қабатты терезеден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт орнына келгенде, 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде диван, үй заттары жанып жатқаны анықталды, өрт ауданы 15 шаршы метр.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері баспалдақпен 3 ересек пен 3 баланы (2018, 2020, 2022 ж.т.) эвакуациялады.
Өртті жоюға жеке құрамның 10 адамы және 3 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды.
Өрт орнында Апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері зардап шеккен үш адамға, оның ішінде екі балаға көмек көрсетті.
Шұғыл қабылданған шаралар арқасында өрт сағат 10.48-жойылды. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі өртті абайсызда болды деп болжамдайды.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды еске саламыз:
- ешбір жағдайда төсекте, сондай-ақ жанғыш заттар мен материалдардың жанында темекі шекпеңіз, қонақтарыңыздан да солай талап етіңіз;
- күл салғышта сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді қалдырмаңыз, оларды қоқыс жәшіктеріне және жанғыш материалдардың тұтануы мүмкін жерлерге тастамаңыз.
Есіңізде болсын, от жауапсыздықты пен немқұрайлылықты кешірмейді.
