Жаңалықтар

Павлодардағы қызғылт көлдің неліктен кеуіп бара жатқаны анықталды

Павлодардағы қызғылт көлдің неліктен кеуіп бара жатқаны анықталды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 20.07.2023 10:41 1215

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Павлодар облысының Павлодар ауданында орналасқан Коряковка көліне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коряковка көлі Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде жазық ойпатта орналасқан. Ол ағынсыз көлге жатады. Сондықтан күзгі және қысқы жауын-шашын мөлшері есебінен толып отырады. Ол Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне кірмейді.

Егер көлдің таяздануы туралы айтатын болсақ, Коряковка көлінің тартылуы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты. Биыл су шаруашылығы үшін қолайсыз климаттық жағдай туындағанын атап өту керек. Қыста қар аз түсті және жыл басынан бері ағын судың болмауына байланысты, көлдің су деңгейі төмендеп кетті. Ал өзендер мен салалар түрінде көлге құятын табиғи қоректену көзі жоқ. Сонымен қатар, биыл өңірде су аз, құрғақшылық пен ауа райының жоғары температурасы байқалады, - деп атап өтті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар соңғы төрт жылда ауа-райына байланысты көл шынымен де тартылып кеткенін, бірақ бұл циклдік, климаттық жағдайлармен байланысты екенін атап өтті.

Жергілікті тұрғындар су айдынын аралау кезінде тұз өндірілгенін атап өтті. Бірақ өндіріс өнеркәсіптік көлемде емес. Негізінен, халық өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұзды жинаған. Осы мақсатта қарапайым әдіспен  (ванналарда) жүргізеді, - делінген министрлік мәліметінде.

Сапар қорытындысы бойынша көл аумағын көлік шиналарынан тазарту, учаскелік инспекторларға көлдің аумағына автокөлікпен кіруді бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, желіде Павлодар маңында орналасқан кептірілген қызғылт Коряковка көлін біреу кептіріп, сол жерден тұз сатады деген ақпарат тарады. Содан кейін  Экология министрлігі тұзды заңсыз өндіру фактісі расталғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға