Павлодардағы қоғамдық көлікте жол жүру билеті алынып тасталды
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
09.12.2022 19:05
1527
Павлодардағы қоғамдық көліктерде жол жүру билеттері алынып тасталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Ұзақ пайдаланудағы қағаз түріндегі жол жүру билеттерін жою туралы шешім «Тасымалдаушылар қауымдастығымен» қабылданды. Бұл жол ақысын төлеу үшін электрондық жүйе енгізілуімен байланысты. Аталған шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", - деп түсіндірді Павлодар қаласының әкімдігіндегілер.
Айта кетейік, желтоқсан айына сатылған билеттер әлі де жарамды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға