Жаңалықтар

Павлодардағы әскери мектепте генерал Ахмет Тұмарбеков атындағы кабинет ашылды

Марат Ахметжанов «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды
Павлодардағы әскери мектепте генерал Ахмет Тұмарбеков атындағы кабинет ашылды
Фото: polisia.kz 08.04.2023 20:10 1829

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары аясында өңір әкімі Асайын Байхановпен бірге Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу орнында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО және Қазақстан ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Тұмарбековтің құрметіне арнайы кабинет ашылды.

Кабинеттің ашылу рәсіміне полиция қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен оқушылары, сондай-ақ милиция генерал-майорының туыстары қатысты.

Ахмет Тұмарбековтің ғұмыры еліміздің ішкі істер органдарының кеңестік кезеңдегі тарихымен тығыз байланысты. Ол – қиын сынақтарға мойымай, өмірінің соңына дейін өз ісіне адал қызмет еткен адамдардың бірі. Биыл есімі аңызға айналған генералдың туғанына 100 жыл толады.

«Ахмет Тұмарбекұлының қазақ милициясын қалыптастыруға қосқан үлесі зор. Ол кісі 20 жылдай Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болды. Шәкірт тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырды», – деді Марат Ахметжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға