Павлодарда әскери қызметші қайтыс болды
Фото: Egemen.kz
Фото: Egemen.kz
13.06.2022 11:25
1070
Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаев қайтыс болды. Бұл ақпаратты Республикалық Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әскери бөлімге жедел жәрдем шақырту сағат 19.17-де түскен.
12 маусым күні сағат 19.15 шамасында Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет еткен әскери қызметші қайтыс болды. Ол көліктің доңғалағын үрлеп жатқанда басына алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Жәрдем» медициналық пойызы Атырау облысына жол тартты
Келесі жаңалық
Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты