Жаңалықтар

Павлодарда «Ғасыр қасіреті» спектаклі сахналанады

Премьера
27.10.2016 09:50 4758

Қазан айының 27-28 күндері Павлодар қаласындағы  Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында «Ғасыр қасіреті» атты спектакль қойылады. Премьера көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» драмасының желісімен әзірленген.

Павлодарда «Ғасыр қасіреті» спектаклі сахналанады

Театрдың 27-ші өнер маусымында сахналанғалы отырған спектакльдің желісінде қазақ қоғамының бас ауруына айналған нашақорлық дерті көрсетіледі.  Драманың бас кейіпкері – Жылқытай есімді бір үйдің жалғыз баласы. Яғни, есірткіге тәуелділік оның бүкіл өмірін ойран, тағдырын талқан етеді. Сондай-ақ, аялап баққан ата-анасының басына да арылмас қайғы әкеледі.

Павлодарда «Ғасыр қасіреті» спектаклі сахналанады

Шығарманың басты мақсаты – есірткінің құрбаны болған тағдырлардың қандай болатынын көрсету және жастарға ой салу. Театрдың баспасөз хатшысы Мұхит Омаровтың айтуынша, қойылымның режиссері – алматылық Ержан Қауланов.

Павлодарда «Ғасыр қасіреті» спектаклі сахналанады

– Бұл туынды біздің көрермендерге алғаш рет ұсынылып отыр, – дейді Мұхит Омаров. –  Есірткіге еліктеу, нашақорлықпен ауру бүгінгі қоғамның дерті. Онымен қалай күресуге болады, жастарымызды мұнан қалай сақтандыра аламыз? Осы тектес көкейтесті сұрақтар белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевты да толғандырған болуы керек. Ал, мұндай спектакль біздің сахнада күнде қойыла бермейді. Сондықтан, жіберіп алмағанымыз жөн.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға