Павлодарда жылу құбыры жарылып, 11 үй жылусыз қалды

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
02.03.2023 16:55
1106
Қаладағы Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, асфальт астынан су атқылай бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Апат салдарын жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды», – деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, жылу бүгін сағат 17:00-ге дейін беріледі.
Бөлісу:
