Жаңалықтар

Павлодарда жол апатынан төрт адам көз жұмды

Павлодарда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Фото: Pixabay 20.04.2025 13:26 144

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 сәуір күні «Қалқаман – Керней» автожолының 250-шақырымында, Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен, салдарынан Pontiac пен Lada Granta автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жол апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға