Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді
Жалын 250 шаршы метрді шарпыды. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23:01-де Лебяженская көшесі, 68 мекенжайында бір қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Жалын жалпы алаңы 250 шаршы метрді шарпыды.
– Үйдің шатыры жартылай опырылып, ағаш конструкциялары, қазандықта, дәлізде, қосалқы бөлмеде тұрмыстық заттар жанды. Өрт сағат 00.48-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – дейді департаментте.
Оқиға орнынан 27 литрлік бір газ баллон шығарылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Облыстық ТЖД жеке құрамынан 34 қызметкер мен жеті техника, медициналық апаттар орталығынан төрт адам мен бір техника жұмыс істеді.