Жаңалықтар

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: © Polisia.kz 23.10.2023 12:00 1080

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 21 қазанда сағат 06:20-да Павлодар – Успен автожолында, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кетті. Жол – көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды.

22 қазан күні сағат 18:20-да Гагарин көшесіндегі 65-үйдің жанында Камаз көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Сол күні, сағат 20:23-те Ледовск көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы туралы хабарлама келіп түсті, онда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін белгісіз бағытта қашып кетті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Айманов көшесіндегі патрульдік полиция батальонының автопатрулі 56 жастағы жүргізушіні ұстады, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша “орташа дәрежеде” алкогольдік масаң күйде болды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ЖКО фактілері бойынша тексерулер жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға