Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
67 жастағы павлодарлықтан 33 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
– Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кету керек, биыл есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталды.
