Жаңалықтар

Павлодарда зейнеткер ағаштың астында қалып көз жұмды

Павлодарда зейнеткер ағаштың астында қалып көз жұмды
Фото: t.me/holanewskz 07.11.2024 12:35 620

Павлодарда дауылдан ағаш 67 жастағы әйел адамның үстіне құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нolanews.kz мәліметінше, 1957 жылы туған әйел ауруханада көз жұмған. Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында оның алған жарақаттарынан қайтыс болғаны көрсетілген.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды, - делінген өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінде.

ТЖМ ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға