Павлодарда ұрлықшы үйді тонап, балаға зорлық көрсеткен

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабарлаған. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.
Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды.
ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда.
