Жаңалықтар

Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды

Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Фото: ІІМ 08.02.2023 12:21 916

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері есірткі тасумен айналысқан 45 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бас бостандығынан айыру орнында отырған жұбайына синтетикалық заттары бар қорапшаларды беруге тырысқан.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер әйелдің сыбайласымен бірге облыс орталығының аумағында синтетикалық есірткі орамаларын дайындағанын анықтады. Күдіктілер есірткі заттарын заңсыз сатқан интернет-дүкенде жұмыс істеген, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер әйелдің 35 жастағы сыбайласын да қолға түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел курьер болған және есірткінің үлкен партияларын кішігірім партияларға бөліп, жасырын орындарға қойып кетіп отырған.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында, жалдамалы пәтерде жедел қызметкерлер 25 жиынтықты тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 50 грамнан асатын синтетикалық есірткі, сондай-ақ электронды таразылар, орау материалдары, банк карталары және бірнеше ұялы телефондар болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға