Павлодарда суға батып кеткен капитанның денесі табылды
Павлодар облысында Ертіс өзеніне батып кеткен кеме капитанының денесі табылды. Құтқарушылар үш аптаға жуық уақыт бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы Ерлан Қасымовтың айтуынша, ер адамның денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы ағыстан табылған.
Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылған.
Спикердің айтуынша, су лай болғандықтан көру төзімділігін нашар болған. Бұл сүңгуірлердің өміріне қауіп төндірген.
Еске салсақ, біз бұған дейін Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кеткені туралы жаздық. Бұл туралы құтқарушыларға 8 мамырда 23:25-те 102-ден хабарлама келіп түскен.