Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

Фото: el.kz
Фото: el.kz
04.06.2023 22:31
1071
Ол Усолка өзені жағасында демалып жүрген. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 17:12 ЖҚК қызметкерлері Усолка өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан әйелді көрген.
- Оқиға орнына құтқарушылар Райымбек Қашкенов пен Рустам Жетпісбаев жедел бөлімшенің құтқару қайығымен суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, әйел таныстарымен демалып жүрген әрі мас болған.
Оқиға орнына 102 және 103 қызметі шақырылды. Әкімшілік хаттама жасалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда тәліптер екі адамды көпшілік алдында қамшымен сабады
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті