Жаңалықтар

Павлодарда сотталғандарға еркіндік берген колонияның бұрынғы бастығы сотталды

Павлодарда сотталғандарға еркіндік берген колонияның бұрынғы бастығы сотталды
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 20:10 811

Үкім Павлодар қаласының №2 сотында жарияланды. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

41 жастағы подполковник 2023 жылдың 26 сәуірінде қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 361-бабының 2-1-бөлігі бойынша – лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану бойынша айып тағылды.

Ол ҚР ІІМ ҚАЖК №47 мекемесінің бастығы болып екі айдан артық жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде жазаны орындау процесін бірнеше рет бұзған – үш сотталушыға күн тәртібін сақтамауға рұқсат берілген. Олар ешбір кедергісіз кетіп, белгіленген мерзімде түзеу мекемесіне келмей жүрген. Үшеуі де Павлодар облысында ғана емес, Астана, Щучинск және Көкшетауға кетіп жүрген. 

Бұдан басқа, колонияның бұрынғы бастығы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кезекші көмекшілерге тәуліктік ведомостарда және күнделікті қорытындыларда сотталғандардың жоқтығын көрсетпеуді тапсырған. 

Құқық қорғау органдарының қызметкеріне ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар әділет подполковнигі атағынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға