Жаңалықтар

Павлодарда шахматтан Senat Оpen ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті

Павлодарда шахматтан Senat Оpen ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 07.07.2024 20:14 750

Павлодар қаласындағы Достық үйінде «Senat Open» ашық кубогының бірінші жартылай финалы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир Қазақстан Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды.

Облыс әкімі Асайын Байханов шахматтан Парламент Сенатының ашық кубогына қатысушыларды құттықтады.

Чемпионат тартысты өтіп, көптеген мазмұнды партиялардың куәсі болатынымызға сенімдімін. Турнир Астана күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Барлық қатысушыларды осынау айтулы мерекемен құттықтаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңістер тілеймін, - деді аймақ басшысы.

Павлодарда өткен жартылай финалға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының іріктеу турларынан сәтті өткен әуесқой шахматшылар қатысты.

Жартылай финалдар аймақтық принцип бойынша қалыптасады – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық. «Солтүстік» өңірінің үздік 25 өкілі осы жылдың тамыз айында Астанада өтетін Senat Оpen финалына қатысу үшін жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға