Павлодарда саяжайда өрт шықты
![Павлодарда саяжайда өрт шықты Павлодарда саяжайда өрт шықты](/storage/storage/element/2023/05/01/mainphoto/48049/1200xauto_Ib1knVzRh695GsI9K2Awn0jouFTYK1FQVYtngmWR.jpg)
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
01.05.2023 21:08
592
Павлодардағы «Яблонька» бау-бақшасындағы жалын саяжайлар мен құрғақ шөпке өтіп, 6 гектар жерді қамтыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, «Яблонька» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.
Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 техника жіберілді. Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысты.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Елордада Бірлік күніне орай жүгіруден эстафета өтті