Жаңалықтар

Павлодарда қылмыс деңгейі төмендеді

Павлодарда қылмыс деңгейі төмендеді
Фото: © Polisia.kz 18.08.2023 12:28 581

Павлодарда қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді оңтайландыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сервистік модельді іске асырудың негізгі бағыттары – алдын алу жұмыстары, халыққа қадамдық қолжетімділік қызметін көрсету. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша жоспарлы жұмыстың нәтижесінде қылмысты тіркеудің 7,3%-ға төмендеуі байқалады. Ауыр дене жарақатын келтіру 36%-ға, ұрлық – 1,4%-ға, бұзақылық – 55,6%-ға, алаяқтық – 31,9%-ға төмендеді, – деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов.

Қабылданған алдын алу шаралары нәтиже береді, көшелерде жасалған қылмыстардың 9,8%-ға, бұрын сотталған адамдардың – 20,3%-ға, кәмелетке толмағандардың – 23,1%-ға төмендеуі байқалады.

Профилактикалық бақылауда тұрған адамдармен учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмыс жүргізеді, тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 2510 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 42 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 43 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жедел жағдайды сауықтыру, қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында өңірде есепті кезең ішінде “Қару”, “Құқықтық тәртіп”, “Тұрмыс”, “Жасөспірім”, “Автобус” “Қауіпсіз қала” “Учаске” және басқа да профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Ермек Әлжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға