Өрт Мойылды ауылына жақын жерден шыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Бүгін 101 пультіне сағат 16:26-да хабарлама келіп түсті. Мұнда Павлодар қаласында Мойылды ауылына жақын жерде құрғақ шөп жанған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 1 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар Мойылды ауылдық әкімдігі өртке қарсы ерікті түрде көмекке келген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда төбелес кезінде екі адам жарақат алды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті