Павлодарда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
07.03.2023 18:22
819
Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.
Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды