Жаңалықтар

Павлодарда «PRодвигай себя» жеке басты дамытуға арналған тренингі өтті

Павлодарда «PRодвигай себя» жеке басты дамытуға арналған тренингі өтті
10.10.2018 11:48 1745

Павлодар қаласында өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша ҚХА-ның «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренингі өтті.

Тренингке «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, блогерлер, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары және басқа да белсенді жастар қатысты.

«Басты мақсат – жастарды «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен, блогерлермен, эксперттермен ашық диалогқа кіре алатын және өз мақсаттары мен идеяларына және өз жобаларын жүзеге асыруға қол жеткізуге көмектесетін қолданбалы дағдылардан бүгінгі оқиғаны ерекшелеуге мүмкіндік беретін платформа құру болып табылады,- деді «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Джумурбаев.

Кездесу TEDx форматында өтті. Спикерлер ашық алаңшада орналасқан аудитория алдында трибунасыз сөз сөйледі. «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі Нұржан Жолдыбалинов, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы- Алексей Лодочников, SMM-менеджер Ақерке Берлібай өз жетістіктерімен бөлісті.

«Мұндай кездесулер жастар үшін өте пайдалы. Өзім «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірімін. Менің ойым әр адамның өзі бренд болып табылады. Бүгінгі кездесудің маңызы зор, себебі жастараға, өзіміздің қандай істермен бөліскенімізді және өз жұмысын көрсету қажеттілігі айтылады, - деді Қазақстан Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі Нұржан Жолдыбалинов.

Тұңғыш Президент-Елбасы Қорының баспасөз қызметінің жетекшісі, кәсіби тренер, SMM-менеджер Ақерке Берлибай жеке мысал келтіріп, оқытудың (немесе кәсіби қызметтің), құмарлықтың әсері, жайлылық аймақтан шығу сияқты көптеген брендтерді жасау мен сатуда маңызды болып табылатын 7 жағдайды (кейсті) ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға